Русский Сайттың толық нұсқасы

«Абай да қату керек пе?»: Қарағанды облысының Абай қаласында ондаған көп қабатты үй жылусыз отыр

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2022
  • 2371

Қарағанды облысының Абай қаласында ондаған көп қабатты үй мен мектептерде жылу жоқ. 30 мыңға жуық халықтың тең жартысы пәтерлерінде жылытқыштармен күнелтсе, мектеп мұғалімдері балаларға жылы көрпе сұратып жатыр. Алайда ызғар жел мен қатты аязға көрпе де төтеп болар емес. Жергілікті әкім «жылуды суық жел үрлеп кетті»- дейді. Расымен, жылу қайда кетті, Айжан Қуаш анықтап көрді.

85 жастағы Марфа Бушкина пәтеріне жылытқыш қосса да бойын жылыта алар емес. Үйдегі температура күндіз 12- 15 градусқа әрең жетеді, ал түнде тіпті төмен.

Марфа БУШКИНА, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауырамыз, өте суық. Жылытқыштар қосамыз.Оның өзінде күндіз күн шыққанда ғана жылынамыз. Бар тілегім үй жылынса екен.

Ал балалар қырыққабат киініп, көрпеге орануға мәжбүр. Аязда мектепте сабақ жоқ, ғимараттар азынап кеткендіктен үйірмелер де уақытша тоқтаған. Жұрт жиналып, осы мәселені әкімге жеткізді. Әбден тозығы жеткен жылу жүйесін ауыстыруды талап етті.

Ерлан МҰРАТОВ, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Абай қаласы бойынша циркуляция жоқ. Ертеңгі күндері -40 градустарда батарейлар қатады, система қатады. Үйде біз былай отырамыз міне мынадай қыстың киімімен. Тамақ ішкенде терезенің бәрі буланады. Пар үйдің іші,станканың бәрі дымқыл. Өйткені жылу жоқ. Адам өлу керек пе?

Жанна КАМЕРОВА, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Кеше жазып жіберіпті: «бала жылы киініп келсін, астарына көрпеше алып келсін орындыққа» деп. Балалар сонда тоңып отырады мектепте. Біз пневмания да болдық, Бронхит та болдық. Бүкіл балаларым ауырып шықты.

Ал қала әкімінің айтуынша, «жылуды суық жел үрлеп кеткен».

Медеу АХМЕТОВ, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қатты аязда жел болғанда үйден жылуды желмен выдувать етіп кететін моменттер болады. Жел басылды қазір түзеуі тиіс.

Тұрғындар шаһарға жылу берілгенін жоққа шығармайды, бірақ жылудың қызуы жоқ.

Себебі қысым жоқ, ыстық су айналмай тұр, циркуляция жоқ. Жылу орталығы ыстық суды айналдырып бере алмай отыр. Оны айналдыратын насостары жоқ немесе күші нашар деген сөз.

Абай қаласының әкімі ескірген жылу жүйесін насостарымен қоса ауыстыруға 20 млрд теңге қаражат қажет,- дейді. Тіпті бастапқы жөндеу жұмыстарының өзіне экономика министрлігі 3 млрд- тай теңгені бөлмей қойған.

Медеу АХМЕТОВ, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

ГРЭС Топар кентінде орналасқан. Бізге 22 км арақашықтығы бар. Қатты жел болғанда ГРЭС- тен шыққан температура абайға жеткенше бір 20 градустай жоғалады. Қолымызда 2 млр 800 млн теңгеге арналған құжатымыз бар. Абай БАМ нососный станциясынан Абай станциясы аралындағы жылу құбырын ауыстыру бойынша. Оған 22 жылы облыстық басқармаға өтінім берілген. Былтыр болмады.Биылғы жыл біз тағы да сол өтінімді беріп отырмыз.

Бұл жобаға қаржы бөліне ме жоқ па белгісіз.Бірақ халық мәселенің шешімі жоқ дегенге сенбейді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қарағанды облысында қазір 30 градус аяз . Мектептерде сабақ тоқтады. Тұрғындардың шағымынан кейін, арнайы комиссия құрылды. Үйлерді аралап, температураны тексермек.

А. Қуаш