Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2022
  • 1097

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ауруханада. Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Ас үй мен кіре беріс опырылып түскен. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.

А. Серік