Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2022
  • 2204

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» бір апталық оқыту бағдарламасын аяқтады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 50 адам іріктелініп алынған. Жоба аясында жастар көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер мен Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер алды. Сондай-ақ, мәжілісмендермен кездесіп, еркін ой бөлісті. Айта кетейік, жоба биыл бірінші рет ұйымдастырлып отыр.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы жеті жылда жастар саясатын тұжырымдамасы түбегейлі өзгереді. Жалпы қазіргі принциптердің бірі ол жастар үшін емес, жастармен бірге әділетті Қазақстанды құрамыз деген ниет деп түсінуге болады. Соның қатарында жастар рухы болсын, академия болсын. Жалпы "AMANAT" партиясы тарапынан әрдайым біз жастарға, әсіресе тек қана бір-екі адамға ғана емес осы аймақ-аймақтарға көңіл аударып, қолдауға әрдайым тырысамыз.

Қорлан ТУҒАМБАЕВА, ҚАТЫСУШЫ:

Оқу әрине өте қызықты болды. Жаңа бағыттарда өзімізді таба білдік. Саяси сауатты болдық. Қалай дұрыс сөйлеуді.Өзіңнің ойыңды қалай ашық жеткізуді үйрендік. Жалпы бәрі жоғары, керемет деңгейде өтті.

Б. Сатуов