Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жеке тұрғын үй өртенді: 3 адам көз жұмып, 6 адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2022
  • 1245

 Алматы облысы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шекті. Қызыл жалынға оранған тұрғын үйдің сау - тамтығы қалмаған. Өрт сөндіру барысында 1960 жылы туған әйелді және 3 және 4 жасар ұлдардың мәйіті табылды. Үй ішінде болған тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бақыт ИМАНҚҰЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрт сөндіруге ТЖД 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 01:03-де оқшауланып, сағат 01:15-де жойылды. Өрт фактісі бойынша 292-істің 3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат жария етілмейді.

Ал Ақтөбеде Шұбарши елдімекенінде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Тұрғын үйдегі жылыту қазандығы істен шығып, ішіне газ жиналып қалған. Жүкті келіншек түнде бөлмеге кіріп жарық қосқанда жарылыс болған.Үйдің төбесі ортасына түсіп, қабырғасы қираған. Жарылыс кезінде үйде бес адам болған. Жарылыстан 62 жастағы зейнеткер мен оның келіні зардап шекті. Екеуі де дереу аудандық ауруханаға жеткізілген.

Серікқали ДАНАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Оқиға орнына жеткен кезде газ конденсатының гүрсілі пайда болып 84 шаршы метр аумақта тұрғын үйдің қабырғасымен шатыры құлағаны анықталды. Үйде барлығы 5 адам болды. Оның екеуі зардап шегіп ауруханаға жедел түрде жеткізілді.

М. Жақан