Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жарнамасы жер жарған жиһаз компаниясы 65 адамды алдап соққан

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2022
  • 2230

Атырауда жарнамасы жер жарған жиһаз компаниясы тұтынушыларды тақырға отырғызып кетті. Жақсы жеңілдік пен қосымша сыйлық береміз дегенге алданғандардың саны 60-тан асады. Алды мамыр айында тапсырыс беріп, әлі күнге ала алмай жүр. Қыруар қаржыны алаяқтардың қолына ұстаттық деген олар құзырлы органдарға арыздансақ та, еш нәтиже жоқ,- деп өкпелі.

Жиһаз компаниясына жұрт 700 мың теңгеден бастап, 4 млн теңгеге дейін салған. Келісім-шарт бойынша жиһазды 45 күнде жасап береміз деп уәдені үйіп-төккен. Арада алты ай өтсе де, ақшаны алғанша асты-үстіне түскен компания өкілдері, жиһазды жасап бермек түгілі, сөйлесуден қашып жүрген көрінеді.

Гүлмира МАКИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

4 млн 310 мың ақша рассрочкаға оформить етіп отырмын. Дәл бүгінге дейін 7 ай болды бостан-босқа кредит төлеп отырмыз, балашағамның аузынан жырып. +Мен ақшаны алған жоқпын дейді Бақтыгүл, бірақ Банк каспиский расписка берді солардың счетына ақша аударылғаны. Анау алып қашып кетті, мынау алып қашып кетті деген сылтаулармен қаша береді.

Гүлфара ТӘЗІКЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл мекемені инстаграмм желісінен көргенбіз. Рекламасы мықты. Әлі күнге дейін тоқтар емес. Инстраграмм желісінде алданған адамдардың бәрін заблокировать етіп тастайды. Бас директоры Тұрлыбеков Мұрат, ИП Тұрлыбекова Бақтыгүл , келіншегінің атында. Бұл кісінің алаяқтың системасын түсіндік. Бәрімізде әртүрлі директор. Яғни ақшамызды алып алады да директор қашып кетті деген сылтау айтады.

Тапсырыс алуға келгендерге жақсы жеңілдік жасаймыз және қосымша ас үй тауарларын сыйлыққа береміз деп, аөшаны жеке шотқа аудартып алған.

Кәмшат НЫСАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

450 мың теңгені мына Ернат Төлепбергенов әйелі Лаззат Бекбаеваға аудар деп осы нөмірге 450 мың теңгені аудардым. Содан кейін «Альянс мебельге» хабарлассам, мына кісінің жұмыстан шығып кеткенін айтты.

Қарапайым халықты зар қақтырған жиһаз салонының жарнамасы әлеуметтік желіде әлі де жер жарып тұр. Бірақ алданған тұрғындар барған кезде кеңсенің де, цехтың да есігі құлыптаулы. Телефон арқылы сұхбат берген басшысы тапсырыс берушілерге берген сөзін бізге де қайталады. Цехқа жауапты адам өзімді алдап соқты деп ақталды.

Мұрат ТҰРЛЫБЕКОВ, КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бір жарым жыл бұрын Ресей азаматы Владимир Максимов дегенді директор етіп алғанмын. Ол көп клиентті алдап, жиһаздарды орнатпай, тамыз айында түнде менің көлігімді мініп, қашып кетті. Мен іздеп те бардым. Қазір тапсырыс берушілердің қаржысын қайтарып беру үшін үйімді, пәтерімді, көлігімді сатуға тура келді. Компания жұмысын жалғастырып жатыр.

Мұрат Тұрлыбаевтың айтуынша, бұрынғы қызметкерінің кесірінен 65 атыраулық 35 миллион теңгеге шығындалған. Оның жартысынан көбін қайтардым деп отыр. Ал полиция алаяқтық бабымен іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Б. Надірқызы