Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізуді сұрады

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2022
  • 1879

«Теміртау Түтінтауға айналды». Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Премьер – министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына қаланың экологиялық ахуалын бақылауды сұрап сауал жолдады. Мәжіліс депутатының айтуынша, Теміртауды ең басты ластаушы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 28 жыл жыл бойы заң бұзып келген. Компания жылдар бойы еңбек және, экология заңдарын бұзып қана қоймай шахталар мен металлургия цехтарында өндірістік қауіпсіздікті сақтамай отыр. Модернизация жүргізілмеген, өндірісте құрал-жабдықтар мен қондырғылар тозған. Оған зиянды қалдықтардың шамадан тыс шығарылуы мен жиілеп кеткен апаттар мен төтенше жағдайлар, жұмыскерлер өлімі дәлел, дейді Аманжол Әлтай. Депутат «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тәуелсіз экологиялық сараптама аудитін жүргізуді, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін күшейтуді жалпы табиғатты қорғау шараларын күшейтуді сұрайды.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Теміртау қаласының асқынған экологиялық ахуалы еңселі ел көңілін алаңдатуда. Қазіргі кезде Теміртауды Теміртау емес Түтінтау десек болады. Бұл қалада аспаннан жауған аппақ қардың өзі жерге қонғанда адам шошитын қара түнекке боялады.Қап- қара қардың үстінде ащы түтін мен улы газға тұншығып күркілдеп жөтеліп жатқын қала тұрғындары көргенде қабырғаң қайысады.

Экологиялық мониторинг нәтижесінде еліміз бойынша 9 қала атмосфераның ластануы бойынша алдыңғы қатарда. Бұл Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент қалалары. Ал Теміртаудың ауасын «Арселор Миттал Теміртау» ең көп ластайды. Ауадағы зиянды қалдықтардың 86 %- і металлургия кешенінің үлесінде. Бұл туралы экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған кәсіпорын қоршаған ортаға жыл сайын 240 мың тонна зиянды қалдық шығарады. Табиғатты шамадан тыс ластағаны үшін компанияға 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған.

Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ, ҚР ЭГТРМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Компания экологиялық заңнаманы бұзып, органикалық емес шаң, газ, ауыр металлдармен айналаны ластаған. Жекеленген цехтары мен тұрмыстық және күл қалдықтарының полигондарының жұмысына тоқтату туралы шешімдер шығарылды. Биыл «Арселор МитталТеміртауға» экологиялық рұқсат бермей отырмыз. Қалдықтарды 30 %- ке азайтуды талап еттік.

А. Қуаш