Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2022
  • 1960

Қит етсе болды «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деуді қоғам қанға сіңдірген. Осылай жыл басынан бері 102 -ге тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 2 мыңға жуық хабарлама түскен. Әйелдерді қорғау мақсатында түрлі мекемелерде, оқу орындарда ақпараттық дәрістер жүргізіледі. Жаза да қатаңдатылды. Десе де күшін келіншегіне көрсететін ер азаматтар қатары азаяр емес.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Қол жұмсап, таяқпен тәртіп орнатамын деу қаншалықты дұрыс? Әйелдердің көпшілігі бірінші кезекке шаңырақтың шайқалмағанын, балалардың әкесіз өспегенін қояды. Алайда арты өзекті өртейтін өкінішке әкеліп жатады.

Әлеуметтанушылар, бұған кедейлік пен ақшаның жоқтығы себеп деп санайды.

Рамазан САТТАРҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Бүгінгі күні біздегі жағдай, зорлық-зомбылық, жалпы конфликт қарапайым халықтың әлде болса да кедейшілік деңгейден аса алмай, көпшілігі жұмыс таба алмай, күнделікті өмірден налып, бір-біріне ренжіп, қол көтеру кісі өлтіруге бару деп түсінемін.

Қазақстан бойынша қорлыққа көніп жүрген қыз-келіншектер қаншама? Бірі баратын жері жоқтығынан шыдаса, бірі жақсы болып кетер деген үмітпен, отбасын сақтап қаламын деген түйсікпен жақ ашпайды.

Шолпан ӘБІЛОВА, ПСИХОЛОГ:

Ер адамды танитын әйел адам ғой, қаншалықты таниды, қаншалықты шыдай алады. Неге шыдайды әйел адамдар, көбінесе үміттен, әйел адам психологиясында отбасын сақтап қаламын деген ой бірінші орында тұрады. Сондықтан шыдау, қорлыққа көну деген сияқты дүниелер көп белең алып жатады.

Психолог шындыққа тура қарау керек деп кеңес береді. Ата-ана арасындағы кекілжің бала психологиясы мен дамуына, болашағына кері әсерін береді, дейді.

Ағымдағы жылда "102" каналына отбасылы-тұрмыстық қатынастар бойынша 1877 хабарлама түскен, ауруханадан келген ақпараттар 1713 хабарлама, оның ішінде 175 тұрмыстық зорлық бойынша заң бұзышылықтар.

Дана ӘБЖАНОВА, “ЕСІЛ” АУДАНЫ ПБ ЖПҚБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ИНСПЕКТОРЫ:

Есеп мерзімінде отбасылы-тұрмыстық қатынаста 753 тұлға жауапқа тартылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 110 бабы бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Бұзушылықтар қатысында 984 қорғау нұсқамалар, өткен жылдың 11 айдың соңында 837 қорғау нұсқамалар шығарылды.

Иә, мемлекеттің ең асыл қазынасы – адам және адамның өмірі деп Ата заңымыздың өзінде жазылған. Бірақ оны ерлер қауымы әзір ұғынар емес.

А. Базарбай