Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологиялық сәтсіз жобаларға кім жауапты?

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2022
  • 2170

«AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысында су саласын дамытуға және қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстандағы су ресурсының көлемі жылына 90 текше шақырымнан 76 текше шақырымға дейін азаятынын атап өтті. Сондай-ақ, кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев су нысандарын цифрландыру және суды бақылау мәселелеріне назар аударды.

Ғани ТАШҚАРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:

Оңтүстік өңірлерде су арналарының жағдайы нашар. Іс жүзінде жоқ гидробекеттерге жалған техникалық паспорт беру оқиғалары тіркелді. Оңтүстікте 171 гидробекет бар. Бірақ олардың нақты қаншасы жұмыс істейтіні белгісіз. Елімізде суды есепке алу жұмысы жүргізілмейді. Ендеше, суды тиімді пайдалану туралы не деп сөз қозғауға болады? Мақтаарал ауданындағы арнаны цифрландыру үшін қомақты қаражат бөлінді. Осы сәтсіз жобаға кім жауапты?

Ә. Дүкембаева