Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды. Қала әкімдігі осындай шешім қабылдап отыр. Қазір шаһарда жағдай біршама тұрақталды. Барлық көп қабатты үйлердің кіреберісіне дейін жылу берілді. Тек Сәтбаев көшесі, 8 және Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 мекенжайлары бойынша су мен кәріз желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15-желтоқсанға дейін аяқталады жоспарлануда.
Е. Карин