Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазғандағы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2022
  • 1884

Жезқазған қаласында «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының» жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етуде. «Қазақмыс Эренджи» компаниясына қарасты кәсіпорын жұмыскерлері айлық аздығы мен еңбек жағдайының нашарлығына наразы. Айтуларынша, олардың айлығы 120 мен 200 мың теңге аралығында.

Бұған қатысты «Қазақмыс Эренджи» компаниясының басшылығы мен Жезқазған қаласының әкімшілігі жұмыскерлердің жалақысын 85 мың теңгеге көтертіндерін мәлімдеді

 «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ 01.01.2023 ж бастап жалақыны 85 мың теңгеге өсіреді. Сонымен бірге 13-жалақы мен энергетиктер күніне қарсы сыйақы да беріледі. Осылайша жұмысшылардың талабы толығымен қанағаттандырылды.

А. Қуаш