Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көгілдір отынның қысымы төмендеп кеткен

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2022
  • 2130

Ақтөбеде бірнеше күннен бері жеке тұрғын үй секторы мен саяжайларда көгілдір отының қысымы төмендеп кеткен. Сондықтан жылудың қызуы жоқ дейді тұрғындар. Қатты аязда тоңып отырмыз деген олар редакциямызға шағымданды. Жағдайды тілшіміз Бақыт Рахметова біліп келді.

Соңғы кездері Ақтөбеде Москва, ГМЗ аудандары мен Товарный дворь, Актөбесельмаш бау бақша ұжымдарында көгілдір отынның қысымы күрт төмендеп кеткен. Қақаған аязда жылусыз тонып отырмыз дейді тұрғындар.

Алтынгүл ЫҚМЕТУЛАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы моментте газ керек болып тұр. Газдың қысымын көбейту керек болып тұр. Үйлеріміз суық балдарымыз ауырып жатыр. Менің өзімнің үш немерем бар. Ветрянкада шығып жатыр. Газ деген абсолютно жоқ.

Кәрім ТІЛЕУОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Адам киіммен, көрпемен отырмыз. Слабый ғой. Слабый болған соң үй жылымайды.

Жауапты мекемедегілер жасырмайды. Көгілдір отын сапасында мін жоқ, тек шығын көбейді дейді.

Серік ҚЫДЫРОВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінгі таңда пиковый расход вообще мұндай расход Ақтөбеде 306 мың часовый расходтың үстіне шығып кеттік. Газдың расходы көп. Сондықтан давление азайып жатырғаны рас. Бірақ ол ҚазтрансгазАймақтың сетінен бұл жерде еш проблема жоқ. Күн салқындағалы бізге заявка көптен 40-50ден түсіп жатыр. Әрине бәріне шығып давление өлшеп, сол жұмыстар жүріп жатыр.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Газ шаруашылығындағылар бұл жағдайды ауа-райының қолайсыздығымен байланыстырады. Сонымен қатар жақын арада ГМЗ ауданында желіде үлкен апат болған Айтуларынша, бір екі күнде жағдай қалыпқа келеді.

Б. Рахметова