Әлем
назары Бразилияға ауатын сәт жақындап келеді. Ертең Рио-де-Жанейрода ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазір дода қарсаңындағы соңғы дайындықтар
пысықталуда.
Қазақстанның намысын қорғауға 104 спортшы аттанды. Олар допинг
дауынан сәтті өткен. Негізі лицензияға
26 спорт түрінен 108 спортшы ие болған еді. Бірақ жарақатына байланысты
теннисшілер - Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева бара алмады.
Ал
Риоға аттанғандар саңлақтарымызға тоқталсақ: жеңіл атлетикада - 26, бокста -
12, ескек есуден - 11, ауыр атлетикадан - 8, дзюдодан - 6 спортшы бар. Мұнан
басқа мәнерлеп жүзуден - 5 адам, еркін күрестен - 9 спортшы болса, оның 4-уі
әйел. Ал грек-рим күресі бойынша олимпиадаға 3 адам аттанды.
Айта
кетейік, Риодан жеңіспен оралған спортшы 250 мың доллар сыйақы алады. Бұл
Орталық Азия елдері арасында тігіліп отырған ең үлкен ұтыс. Күміске - 150 мың,
ал қолаға - 75 мың доллар тағайындалған. Халықаралық сарапшылардың болжамына
қарағанда, Қазақстан спортшылары 15 жүлдеге ие болуы мүмкін. Оның кемінде
екі-үшеуі «алтын» медаль алады деген
үміт бар.
Құралай ПИОНЕР