Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы қария мерт болды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2022
  • 1384

Қарағандыда жеке тұрғын үйде 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы қария мерт болды. Оның жұбайы мен 8 жастағы немересі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Газ баллоны кенеттен жарылған. Оқиға болған кезде үйде 3-сынып оқитын бала мен ата-әжесі болған. Отбасындағы қалған балалар мектепке, ата- анасы жұмысқа кеткен.

Ерлан БЕКТҰРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУШІ:

50 литрлік газ баллоны кенет жарылып үйдің ағаш шатыры мен қабырғалары жанған. Өрттің аумағы - 70 шаршы метр. Сыртқы қабырғалар қираған. Өрттің себебі анықталып жатыр.

А. Қуаш