Қостанайда 45 жастағы қала тұрғыны зейнеткерді 15 рет пышақтап өлтірді. Ол қарияның алтын әшекейлеріне қызыққан. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Айыптау актісіне сәйкес күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде қарияға атылып, кеудесіне және мойынына бірнеше рет пышақ сермеген. Қарт кісі қатігездің қолынан қаза тапты. Ал күдікті марқұмның алтындарын олжалап, оқиға орнынан із жасырған көрінеді.
Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 бөлігі, 192 бабының 2 бөлігі 4 тармағы бойынша айыпталып отырған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға тағайындалған.
З. Санай