Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қалаішілік жолдар жаңғыртылды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2022
  • 1803

Атырау қаласында биыл 9 шақырымнан асатын жол асфальтталды. Инфрақұрылымға қомақты қаржы қарастырылып, қалаға қарасты ауылдардың да көшелері жөнделді.

Қаладағы Мұхтар Әуезов көшесі соңғы рет осыдан 18 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Шұрық-тесікке айналып, көлік жүргізушілеріне қиындық туғызып келді. Ұзындығы 3 шақырымға жуық жолды қайта жаңғырту былтыр басталып, биыл толықтай пайдалануға берілді

Ермек ХАМИДУЛЛИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жобаның өзгешелігі аялдамалар салдық жабық аялдама, сосын ашық аялдамалар. Сосын жұмыс барысында болған өзгерістер бұл жолдың сыртында тұрған жылу жүйесінің бәрін төмен түсіріп, кері жолдың астына салып, кері жаңартылды. Жолдың бұрынғы енді 11 метр болды қазір 14 метрге ұқартылып, кеңейтілді. Бұрын жаяу жүргінші мен велосипед жолдары болған жоқ.

Сырым Датов, Азаттық көшелері де дәл осылай жөнделді. Қаладағы көлік кептелісі азайды. Шаһарда жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын 5 көше қайта жаңғыртудан өтті. Қала маңындағы ауылдарда 68 көшеге жаңадан асфальт салынды. Одан өзге тағы 29 көшенің тас жолының негізгі қабаты төселді.

Бақтияр ХАМИДУЛЛАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алмалы ауылы жол құрылысы басталған болатын. Ол күні кеше 2020 жылы қала әкімдігінің территориясына кірген болатын, жол құрылысы басталып кетті. Келесі жылы аяқтауға жоспарлап отырмыз. Әлі де асфальтталмаған көшеміз бар, негізі жоспарда 135 шақырым құрайды асфалтталмағаны, соның биылғы таңда 27 шақырымы асфальтап қойды,

Айта кету керек, қалаішілік жолдарды жаңғырту, жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына биыл республикалық бюджеттен 10,5 млрд, ал жергілікті қазынадан бір жарым миллиард теңге бөлінген. Осылайша, Атырау қаласының жол сапасын 97 процентке жаңарту көзделуде.

Б. Нәдірқызы