Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында жұмыста ішкі киіммен жүрген полиция полковнигі қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2022
  • 1637

Түркістан облысында жұмыс орнында майкі, шортымен жүрген Қазығұрт аудандық Полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Қызметтік этиканы сақтамаған Полиция полковнигінің тәртіптің жауапкершілігі тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды.

Гүлнәр ӘБДІЖАППАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Комиссияның қорытындысы бойынша бейнежазбада танымал болған бастықтың орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен қатар, айта кететін жәйт, бүгінгі таңда ҚР ҚК 362 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайластыққа жол бермеу бойынша кешенді шаралар өз жағасын табуда.

Еске салайық, Полиция полковнигінің қызмет орнында өзін қалай ұстайтыны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода қызмет бабында жүрген басшының шорты, майкамен келе жатқаны және оның алдынан шыққан қызметкердің бірін шынтағымен нұқып жібергені анық көрінеді. Аталмыш бейнежазбадан соң облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тексеру шаралары жүргізілген болатын.

А. Төребекқызы