Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпшілік жиған тергенін банк депозитіне салудан бас тартуда

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2022
  • 1316

Көпшілік жиған тергенін банк депозитіне салудан бас тартуда. Қаражаттарын жылжымайтын мүлікке жұмсаған тиімді санайды. Басты себеп, ұлттық валютадағы салымдары бойынша сыйақы мөлшерлеме азайған. Теңгеге 12,6 процент, шетел валютасында - небәрі 0,9 процент құн қосылады.

Бүгінде қаражатты банктерде сақтау шығынға әкеп соқтырады. Сондықтан, халық үшін ең тиімді және қолайлы инвестиция түрі – жылжымайтын мүлік болып отыр. Себебі, тұрғын үй бағасы жыл сайын көтерілуде. Оның үстіне, кибершабуылдардың жиілеуі, банкроттыққа ұшырау банктерге деген сенімсіздікті күшейте түсті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Қазіргі уақытта ақшаны недвижимостьқа салған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, біріншіден, стабильность. Мен өзім недвижимостьқа салғанды қазір қолданып жатырмын.

-Негізі недвижимостьтте сақтаған дұрыс деп санаймын. Себебі, қазіргі таңда, 21 ғасырда өте көп мошенниктер бар. Кез - келген банктің системасын бұзып алуға болады. Немесе банк белгілі бір инфляцияға ұшырауы мүмкін. Ал недвижимостьпен ақшаны сақтау өте ыңғайлы.

-Біздегі инфляцияны ескерсек, салымшылар минусқа кетіп жатыр. Ал жылжымайтын мүліктің бағасы жыл санап өсіп келеді. Бұл жақсы инвестиция.

Мұнымен экономистер де келіседі. Дегенмен, олар бір ғана инвестициялық құралды таңдауға асықпау қажет деп санайды. Айтуларынша, инвестициялық портфель жан-жақты болуы қажет. Яғни, қаражатты бір ұяшықта ұстамай, әр түрлі салаға құю. Оның ішінде акция, депозит, тұрғын үй, алтын, шетелдік валюта болуы мүмкін.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Жылжымайтын мүлік тиімдірек, егер банк депозитімен салыстырсақ. Өйткені, банк депозитінде белгіленген нақты проценттік ставка болады. Қазірдің өзінде 17 пайызға өсіріп жатыр кейбір банктер. Сонда да ұзақмерзімді депозиттер бойынша ғана. Ал қысқа мерзімді депозиттердің көлемі бәрібір 12-13 проценттің төңірегінде. Ондай төмен пайызды кірістілік инфляцияны да қуып жетіп жатқан жоқ.

Жылжымайтын мүліктің бағасы елде арзандаған емес. Жыл сайын өсіп барады. Сондықтан қаржысы барлар осы инвестициялық портфельді тиімді санап отыр.

М. Жақан