Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қағаз қораптан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2022
  • 1335

Ақтөбеде көп қабатты үйдің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр.

Мәйітті тауып алған тұрғын кеше сағат түнгі онның шамасында полицияға хабарласқан. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 100 бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіру» бабымен сотқа дейіңгі тергеу басталды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оның айтуы бойынша ол баланы өлі туғаннан кейін далаға тастап кеткенін түсіндірген. Аталмыш азаматша да тағы да екі кәмелетке толмаған баласы бары анықталды.

Б. Рахметова