Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде спортшы оқушылармен жол-көлік апатына ұшыраған жүргізуші үй қамағына алынды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2022
  • 1710

Ақтөбеде спортшы оқушылар мінген көлікті тізгіндеген жүргізуші үй қамағына алынды. 11 адам мінген көлікті жүргізген жүргізуші рульде қалғып кеткен екен. Айта кетейік, оқиға өткен демалыс күндері болды. Шұбарқұдықтан Ақтөбеге волейболдан жарысқа жолға шыққан көлік аударылып, бір бала сол жерде қаза тапты. Сегіз бала және олардың бапкері ауруханада ем алып жатыр. Әлі де болса екі бала мен жаттықтырушының жағдайы ауыр. Жеті орындық көлікті спорт мектебінің директорының орынбасары жүргізген. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған еді.

Айжамал СҮНДЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тергеу органдарынан ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп күдіктелген азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат келіп түсті. Сотпен аталған өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылып, күдіктіге 2 ай мерзіміне, яғни 2023 жылдың 17 ақпанына дейін үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Б. Рахметова