Русский Сайттың толық нұсқасы

«Банкрот болса, қарызы кешіріледі деген қате түсінік», - министрлік

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2022
  • 1697

Банкрот болса, қарызы кешіріледі деген қате түсінік. Қаржы министрлігі Сенаттағы дөңгелек үстелде жеке тұлғалардың банкроттық жариялау процесін тағы бір түсіндіріп өтті. Айтуынша, борышкер 5 жылға дейін несие рәсімдей алмайды. Жеке тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Соттың шешіміне сәйкес, банкрот болған борышкердің міндетін өтеу мерзімі өткен деп саналады. Кредиторлар борышкерден қарызын өтеуін талап ете алмайды. Борышкерге айыппұл салу және сыйақы есептеу автоматты түрде тоқтатылады. Әрине, банкрот болған борышкерге несие алу, кепіл қою және өздігінен мәміле жасауға тыйым салынады.

Министрлік өкілдері Атаулы әлеуметтік көмек алатындар да өздерін банкрот деп жариялай алады, дейді. Дегенмен депутаттар мұнымен келіспей отыр. Айта кетейік, 7 миллионнан астам отандасымыздың берешегі бар.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Солардың ішінде уақытылы төлем жасап отырған азаматтар да бар. Ертең қарыздарда жою списание кеткенде осы жерде басқа бір әсері болып қалмасын. Осы жаңа айтып отырған жағдайы төмен отбасылар санын айтып отырмыз ғой. Осылар ертең айтуы мүмкін маған кезінде неғымадыңыздар, сол кезде төледім. Списание жасадыңыздар. Ал мен қарызымның бәрін төледім. Қалай болады деп.

Ә. Дүкембаева