Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер мәселесі жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы пысықталды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2016
  • 2896

Жерді игеруге ниет білдірген шаруаларға несиені  6 пайыздық емес,  3-4 пайыздық үстемақымен беру керек. Сонда азаматтардың банктерге деген сенімі күшейеді. Әйтпесе шаруасын енді бастаған фермерлер кәсібінен өнім алмай жатып, несиені қайтар деп банктер желкеден алған тұста, көбінің қиындықтан қашатыны жасырын емес.  Бұл  бос жатқан жерлердің тиімді игерілуін шектейді. Бүгін Алматыда жер мәселесін талқылаған демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысында «Нұр Отан»  партиясы саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Жұрынов осылай деді.

Мұрат Жұрынов, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

Жерді игеру мәселесі тауар алып, арасында сатып, сауда-саттық емес, бұл қазір мал алса, оны 2-3 жылдан кейін жақсылап игереді. Төлдейді, көбейеді, екі есе көбейгенде, сонда оның мүмкіндігі болады жаңағы кредитті жабуға. Ең бірінші кезекте өзіміздің азаматтарға шетелге қарамай-ақ, төмен несие беру керек. Сонда ол мәселе шешіледі.

Сондай-ақ бүгінгі жиында Елбасының тапсырмасына сәйкес жер мәселесін жан-жақты талқылап, нақты ұсыныстар енгізу үшін 74 зиялы азаматтың басын біріктірген республикалық комиссия жұмысын пысықтады. Онда жерді қайта сатпау мәселесі де сөз болды.

Саттар Мәжитов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ақпараттық-насихат тобының сарапшысы:

Жерді  жалпы ұрпақтар барысында сатылмауы керек. Оны, әрине, біреу сатып алуы мүмкін, өзіміздің қазақ болсын, орыс болсын, басқа болсын, Қазақстанның тұрғыны болса да. Бірақ ертең оның ұрпағы оны сатамын десе, қандай жағдай туады, оның барлығының алдын-алуымыз керекпіз. Жалпы әлемдік өркениеттік тәжірибеде жер қайта сатылмауы керек.

Жалпы комиссия жұмысы басталғалы бері Call-центр орталығына 12 жарым мыңдай қоңырау шалынған. Оның 1 мыңнан астамы Алматы тұрғындарынан түскен. Көпшілікті мазалаған жер мәселесіне қатысты сауалдардың басым бөлігіне жауап қайтарылған. Барлық ұсыныстар сараланып, қыркүйек айында Үкіметке жіберілмек. 

Айгүл ЕРМАХАН