Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокуратура Владислав Челахтың өтінішін зерделейді

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 1325

Бас прокуратура Владислав Челахтың өтінішін зерделейді. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты. Еске салайық, Челах 2012 жылы Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айрылған болатын. Ол - істі Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында қарауға өтініш білдіріп, қосымша тергеуге жіберуді сұраған.

Тимур ТӘШІМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қажеттілік болса, онда ол тергеледі. Ал одан кейін не болары анықталады. Қазіргі уақытта тиісті қызмет қылмыстық істі әскери соттан сұрады. Ол түскеннен кейін қосымша зерделейміз. Өйткені бұл іске 10 жыл уақыт өтті.

Сондай-ақ, Тимур Тәшімбаев қаңтар оқиғасына қатысты 1249 адамның сотталғанын айтты. Оның 160-ы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ,1500 адам рақымшылыққа ілінген. 991 азаматтың жаза мерзімі жеңілдетіліп, 94 адам қылмыстық жауаптан босатылды.

Тимур ТӘШІМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаңтар оқиғасы – еліміз үшін үлкен қасірет. Ол күндері мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігі мен қаупсіздігі қатер алдында тұрды. Президент дер уақытта шешімдер қабылдап, елімізді сақтап қалды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен бұл оқиғаның себептері мен салдары қаралып жатыр

А. Задабек