Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда әскери қызметкер өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 1258

Ақтауда әскери қызметкер өзінің 11 жасар қызын қорлады деген күдікке ілінді. Бейресми ақпарат көздеріне сенсек, күдікті -теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Ол қызына алты ай бойы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсеткен. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сот әскери қызметшіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 қарашасында әскери қызметші қызметтік міндеттерін жүйелі түрде орындамағаны үшін теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Ә. Дүкембаева