Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 2 азамат 8 қап марихуананы сатпақшы болды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 2403

Жамбыл облысы Шу ауданында есірткі саудасымен айналысқан екі азамат ұсталды. Олар 8 қапқа салынған кептірілген марихуананы және 570 грамм "гашишті" сатуға дайындап қойған. Жалпы салмағы 73 келі. Күдіктілерді полицейлермен облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іс-шарасы барысында қолға түсірді. Күдіктілердің бірі 38, екіншісі 27 жаста. Екеуі есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айта кетейік, ұсталған 38 жастағы азамат бұрын бірнеше рет сотты болғаны белгілі болды.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы бабқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Б. Жұмабай