Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалар санасын улайтын 6 мыңға жуық материал анықталды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 1559

Елімізде бұғаттауға ұсынылған сайттардың "қара каталогы" әзірленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде жыл басынан бері балалар санасын улайтын 6 мыңға жуық материал анықталды. Санасын улайтын, есірткі, психотроптық заттарды немесе суицидті насихаттайтын, зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты контенттер бұғатталған.

Қанат ЫСҚАҚОВ, ҚР АҚДМ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер көбейді. Осындай іс-әрекеттер анықталған жағдайда әлеуметтік желідегі парақшаны немесе қолданушыны бұғаттауға немесе шектеуге толық мүмкіндік бар. Бұл үлкен жетістік.

Д. Онласын