Русский Сайттың толық нұсқасы

Сән-салтанат салығы 2024 жылы енгізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 2353

Қазақстанда сән-салтанат салығы 2024 жылы енгізілуі мүмкін. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, талқылаудың белсенді кезеңі 2023 жылдың бірінші тоқсанында болады. Сән-салтанат салығы, негізінен, қымбат көліктерге, сәнді тауарларға, антиквариат пен жылжымайтын мүлікке қатысты болуы мүмкін.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Қазір бұның бәрін талқылап жатырмыз. Бізде әртүрлі ұсыныстар бар, соның ішінде жеке тұлғада бірнеше жылжымайтын мүлік, бір адамға тіркелген екі немесе үш, қандай да бір жылжымайтын мүлік нысандары болса, онда ол әдеттегі жолмен төлейді. Бірақ саны бойынша асып кетсе... Яғни, әртүрлі нұсқаларды қарастырамыз: құны немесе саны бойынша. Мұның бәрін қосымша талқылаймыз

Ә. Дүкембаева