Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда демалыс күні 4 адам суға батты

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2016
  • 2949

Батыс Қазақстан облысында демалыс күндері төрт бала суға батып кетті. Төтенше жағдай қызметкерлері олардың суға түсуге арналмаған жерде шомылғанын айтады. Сақтық шараларын ескермегендіктен, суға кеткендер саны азаяр емес.

Батыс Қазақстан облысында тек екі жағажай ғана суға түсуге лайықталған. Ал жабайы жағажайлардың саны 200-ден асады. Құтқарушылар бұл жерлердің барлығын бірдей бақылау мүмкін еместігін айтады. Сондықтан ата-аналарды балаларына абай болуға шақырады. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында суға батқан 19 адамның сегізі бала болып отыр.

Ақылбек Ахметжанов, БҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Балалардың суға кетуінің негізгі себебі - ата-аналарының қараусыз қалдыруынан. 17 жастағы 99 жылғы екі жігіттің екеуін де біздің сүңгуірлер алып шықты. Олардың қалай батқанын көрген адам жоқ. Бірақ денесі бір жерден табылғасын, олар да бір-біріне көмектесем деп суға кеткен болар деп отырмыз. 

Еркін КАРИН