Русский Сайттың толық нұсқасы

71 бала шетелдік клиникаларда ем алды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2022
  • 1722

Жыл басынан бері 100 мың балаға операция жасалып, 71 бала шетелдік клиникаларға жіберілген. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты. Оның сөзінше, мемлекет науқас бүлдіршіндердің өзге елде ем алуына қолдау көрсетеді. Елімізде балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық ашылады. Себебі, жыл сайын орта есеппен 500-600 баладан онкологиялық дерт анықталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспарын әзірледі. 2025 жылға дейін балалар онкологиялық ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және осы қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру шаралары қарастырылған.

Вячеслав ДУДНИК, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Республикада емдеу мүмкін болмаған жағдайда балалар «Шетелде емделу» бағдарламасы шеңберінде ем алады. 2022 жылдың ішінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаражатпен 71 бала қамтылып, шетелге жіберілді. Негізгі бағытқа Түркия, Германия, Үндістан, Ресей елдері кіреді.

Елімізде 6,6 миллионнан астам бала бар. Оның ішінде 5 жасқа дейінгі бала саны – 2,5 млн, оқушылар – 3,4 млн. Ал жыл басынан бері 402 мың сәби дүниеге келген.

Ә. Дүкембаева