Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында ақтүтек боран

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2022
  • 1896

Қостанай облысында ақтүтек боран. Соған байланысты аймақтағы бірнеше бағыт бойынша жол жабылды. Өңірде қарлы боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетті. Төтенше жағдайлар департаменті жолда қалған жолаушылар мен зардап шеккен тұрғындар жоқ екенін хабарлады. Кейбір аудандардағы мектептің оқушылары қашықтан оқуға көшірілген.

Сабина ҚОЖАХМЕТОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Әулиекөл, Алтынсарин, Қостанай, Қарабалық, Қарасу, Меңдіқара Наурызым, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Лисаков қаласында балабақша және де 1-11 сынып оқушыларына дейін қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

З. Санай