Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде демалыс күндері ауа-райы қалай құбылады?

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2022
  • 1333

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа-райы ашық болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды. Дегенмен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде Атлантика циклоны жүріп өтеді. Соның әсерінен қар жауып, бұрқасын соғады, жел күшейеді. 25 градусқа дейін аяз, көктайғақ болады деп күтілуде.

Алина ИСМАҒҰЛОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді. Шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін ауытқиды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.

А. Задабек