Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Сенатына кандидаттарды тіркеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2022
  • 1616

Сенат сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды. 66 кандидат депутат болуға ниетті. Оның 20-сы әйел. Ең жас үміткер 31-де. 63 адам өзін өзі ұсынған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Үгіт-насихат шаралары 24 желтоқсанда басталды, ол сайлауға бір күн қалғанда түнгі сағат 12-де аяқталады. 13 қаңтар – тыныштық күні. Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарға жоспарланған.

Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барлық кандидаттар үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу, үгіт материалдарын тарату жолымен де жүзеге асыруға құқылы. Үгіт-насихат жүргізуге байланысты барлық шығыстар міндетті түрде сайлау қорының қаражатынан төленуі тиіс екенін еске саламын.

А. Серік