Русский Сайттың толық нұсқасы

5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2022
  • 1503

Елімізде 5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар төлем жасағаннан кейін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі мәлімдеді. Айтуынша, елімізде 24 млн ұялы байланыс абоненті бар. Смартфондардың тек 10 проценті 5G желісіне қосыла алады. Байланыс операторлары мобильді байланыстың бесінші буынын іске қосса, бұл қызметті пайдалатындардың саны едәуір өседі деген сенім бар.

Асхат ОРАЗБЕК, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Келешекте 5G желісінің негізгі қолданушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталады. Бұл - жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері. 2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада – Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған. 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына желі таратылатын болады.

Бұл желі қоғамның үлкен қызығушылығын тудыруда. Егер жылдам желі іске қосылса, ұялы байланыстың жылдамдығы мен сапасы жақсарады дейді көпшілік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- 5G жақсы басқа мемлекеттермен қарағанда біздің интернет желісі жақсы болады. Үлкен авиомды жіберу данныйларды тездетіледі. Плюс цифровазиция ол өте қолайлы.

- Қазақстанда 5G болса ол күшті болады. Өйткені 4G қазір мына тартпайды. Тикток инстаграмды долга грузить етеді. Кейбір жерлерде 3G ұстап кетеді ғой. 5G жақсы ғой негізі.

- Интернет біздің бөлшегіміз ретінде оның дамығанын қалаймын.

Д.Оңласын