Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері Қостанай облысына барды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2022
  • 1732

«AMANAT» партиясының арқасында шалғай ауылдардағы түйінді түйткілдер шешімін тауып жатыр. Наурыз айынан бері мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мүшелері 900-ден астам елдімекенді аралап, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Кәсіби мамандар ауыл адамдарына ақыл-кеңес берді. Ал қабылдау барысында көтерілген проблемалардың тоқсан проценті оң шешімін тапқан. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Тобыл өңіріне тағы ат басын тіреді. Мобилді топ Садчиков және шалғайдағы Шолақсай елдімекеніндерінде болды.

Берік ЖҰМАҒҰЛОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылымыздың екі көшесі жөнделіп, су құбыры өткізілді. Жақын арада қосылмақшы. Соған біраз қаражат жұмсалған шығар. Ауыл тұрғындарының атынан, өз атымнан өтінішім бар. Орталық көшеге кіретін жол бар.Соны жөндеп берсе екен деген ой.

Алтын ЕРЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мир көшесіне жарық орнатуды сұраған болатынмын. Бұл ең үлкен көше. Және де бұл көшеде оқушылар саны өте көп. Сондықтан қазір тек қалада емес, ауылда да жақсы тұрғанды қалайды халық. Менің өтінішімді қабылдап, орнатамыз деген уәде берді.

Жол. Ауыз су. Ауылды абаттандыру. Қоғамдық қабылдауда көп көтерілетін мәселелердің дені осы. Партия өкілдерінің пәрменімен қордаланған проблемалар оңтайлы шешімін тауып жатыр. Шалғайдағы ел-жұрттың алғысы шексіз.

Ардан АРАЛБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жол мәселесі. Тұрғын үй коммуналдық түйткілдері. Ауылды абаттандыру проблемалары көп кездесіп жатады. Өкінішке қарай әлгі проблемаларға көп көңіл бөлінбей отыр. Ал «Аmanat» партиясы ауыл тұрғындары қашан келеді деп күтіп отырмай, өздері барып олардың талап тілегін тыңдап, түйткілдің түйінін тарқатуға атсалысып жатыр.

З. Санай