Русский Сайттың толық нұсқасы

"Көлік бәріне жетеді",- Қ.Өскенбаев

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2022
  • 1530

Көлік бәріне жетеді. Қаңтардың ортасында 4%-дық автонесие қайта басталады, бірақ, бұрынғыдай жаппай несиелеу болмайды. Қазір банктер бұрынғы автонесиелерді өтеуден түскен төлемдерді жинап жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, алғашында жеңілдетілген кредит бағдарламасы бойынша 15 мың адам кезекте тұрған, соның бүгінде 13 мыңы көлік алған. Қосымша 16 мың адам көлік алуға өтініш берген. Бұл ретте министр кезекте тұрғандардың бәрі қалаған көлігін сатып алатынына сендірді.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қазір банктер ақшаны сәл жинап, кредитті кейін береміз деген шешім қабылдады. Әрине, олар өздері біледі. Бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ, менің ойымша, күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, бұл процесс күн сайын жүруі керек

Б. Сатуов