Русский Сайттың толық нұсқасы

Шыршаның саудасы қызып тұр

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2022
  • 2128

Жаңа жыл жақындаған сайын қарбалас қызды. Бірі дастархан қамымен азық-түлік алып жүрсе, енді бірі шырша мен ойыншық, отшашу іздеп әлек. Биыл мерекенің сәні-шыршаның құны шарықтап тұр. Бірақ жұрт оған қарап жатқан жоқ. Аймақтардағы тілшілерге сөз берейік.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жаңа жылға дайындықты әр әйел әуелі дастарханға «не қоямын?» деген сұрақтан бастайды. Қалтасына қарай, әркім шама-шарқынша қонақ күтеді. Кейбір отбасылар барымен базар қылса, ауқаттылардың дастарханынан құстың сүтінен өзгесінің бәрі табылады.

Бірақ Жаңа жылдық дастарханға нақты қанша теңге жұмсалады дегенге нақты жауап жоқ. Мереке жақындаған сайын баға да бағынбай кетеді. Әсіресе, үстелдің сәнін келтіретін жеміс-жидек құны қымбат.

БЛИЦ:

- Жүзім -1200 ден алдым. Құрма 800-ден екен, кішкене қымбаттау, өйткені жәшікпен мен 250 ден алғанмын бір жәшігін. Орехи, сухофрукты өте қымбат.

- Мен әлі толық алып бітпедім. Тек ет алдым. Овощ фрукты алдым, оның өзі пәленбай сом болды. Енді кіріп жатырм базарға,

- Жаңа жылдың дайындығы жаман емес. +жаңа жылда жегісі келеді бала-шағаның дегендей, тәтті аласың.. сол енді .енді құдайға шүкір бірақ. Жаңа жылымыз құтты болсын.

Жұртшылық қымбат та болса азық-түліктің табылып тұрғанына шүкіршілік етеді. Қарапайым дастархан болса да, ел тыныштығына, жұрттың амандығына тәубе дейді. Қолда барымен мерекені атап өтпекші. Қаз-үйректі көбі ас мәзірінен алып тастаған.

Умида ИБАТОВА, САТУШЫ:

Жылдағыдан биыл қымбат. Былтыр онша сауда болмады ғой. Карантин кезінде онша неғыған жоқ, саудада онша.. биыл қымбат. Биыл екі есе қымбат. Келу бағасы қымбат. Біз 20-30 теңге қоямыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Базарларда ығы-жығы халық. Жұрт жылына бір келетін мерекеде дастарханды шама-шарқынша жаюға тырысып жатқандарын жеткізді. Себебі, жаңа жылдың бастауын бүкіл отбасы бір дастархан басында жиналып, бір біріне жақсы тілек тілеп қарсы алады. Бұл -келер күнге деген үлкен сенім, барша жақсылықтың бастауы. Атырауда мерекелік қарбалас қалай? Оны әріптесім Базаргул Нәдірқызы жеткізеді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жаңа жылды асыға күтетін атыраулықтар да дастархан қамынан бөлек, шырша мен оған ілетін ойыншықтарды іздеп базарда сабылып жүр. Алайда қалағанын емес, қаржысы жеткенін алуға мәжбүр. Таңдау бар, шыршаның орманнан отағаны да, қолдан жасалғаны да толып тұр.

Жаңа жылдың басты нышаны жасыл шыршаның бағасы удай қымбат. Жасанды шыршаның кішкенесінің өзін саудагерлер 5 мың теңгеге саудалап тұр. Ал жаңғақпен көмкерілген әдемілері 50 мың теңгеден асып жығылады.

БЛИЦ:

- Мен екі жыл бұрын жаңаладым. Сол кезде жаңадан шыққан шыршалар 25 мың болды. Қазір нашар шыршалар 35 мыңнан тұр. Одан жоғары. Ойыншықтардың бағалары да көтеріліп кеткен.

- Биыл үйдегі бұрынғы шыршаны пайдаланамын. Бүгін жәй қарап жүрмін. Бағаны қарасаң, басың айналады.

Қазір көпшілік үйді жылтырақтардан гөрі, түрлі-түсті гирляндалармен сәндеуге құмар. Сондықтан сұрынысқа сай сан түрлі жарық сыйлайтын шамдар сөреде самсап тұр. Бірақ, сауда аз. Мерекеге санаулы ғана күн қалды, ал әкелген тауардың жартысын да сатқан жоқпыз,- дейді сатушылар.

Абдолла АЛЛАБЕРГЕНОВ, САТУШЫ:

Балдар үшін деген адамға жағдайына қарай арзандауын ұсынам, арзандауын берем қолдан келгенше, жағДайына қарап. Өтпей жатыр. Тіпті өтпей жатыр. Бүгін нешесі 27-сі сол шығарған затым 1 желтоқсанда шыққандай тұр.

Ал табиғи шырша мен қарағайдың қасында адам тіпті сирек. Бір апта мен 1 айға дейін үйге хош иіс беріп тұратын ағаштардың да құны арзан емес. Биіктігіне қарай 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Тұрақты тұтынушы бомаса, мұны да алып жатқандар аз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Дегенмен жаңа жылды жанын қалмай күтетіндер де, мерекеде бірді екі қып қалуға жанын салатын саудагерлер де жаңа жылда жақсылықтан үмітті. Сөзді әрі қарай Қостанайдағы әріптесім Заңғар Санай алады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Жаңа жыл жақындаған сайын қауіпті пиротехникалық заттардың астыртын саудасы қыза түседі. Қауіптің алдын-алу мақсатында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы рейдтік шара ұйымдастырып жатыр. Мамандар шаһардағы ірі сауда орындары мен базарларды аралап , жарылғыш бұйымдардың сапасы мен мерзімін тексеруде. Заң бұзғандар 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.

Нұрсұлтан ЖАНШУРИН, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бір емес бірнеше нүктелерден сатушыларға, сатып алушыларға ескерту жасап.Жадынамаларды таратып жатырмыз. Бұл іс-шарамыз күнделікті сауда орындарында өткізіледі. Қазіргі таңда Қостанайдағы 3 ірі сауда орталықтарында осындай рейдтік шара өткіздік.

Аймақта «шырша» акциясы да жүріп жатыр. Полицейлер бір аптаның ішінде заңсыз ағаш кескен екі адамды ұстапты.

Бауыржан ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері Қостанай облысы бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде. Осының нәтижесінде екі заңбұзушылық анықталды. Оның бірі Қостанай ауданында.Және Меңдіқара ауданында.

Саудагерлер сапасы тәуір отандық отшашулардың сан түрін сатып тұр.Бірақ бағасы былтырға қарағанда қымбаттаған. Ал сатып алушы аз.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Рейд қаңтардың ортасына дейін жалғасады. Қауіптің алдын алу шараларына полицейлер мен еріктілер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері атсалысуда. Жаңа жылда жарылғыш заттардан зардап шекпес үшін тұрғындар қауіпсіздік ережелерін ескергені жөн, дейді мамандар.

А. Төребекқызы