Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының облыс филиалдарында жаңа төрағалар сайланды

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2022
  • 2224

«AMANAT» партиясының облыс филиалдарында кезектен тыс конференциялар өткізілді. Филиалдардың жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сондай-ақ, жаңа төрағалар сайланды.

Атырау филиалының төрағасы болып Абдолла Идресов сайланды. Ол бұған дейін атқарушы хатшы қызметін атқарған. Жиында филиалдың жылдық жұмысы қорытындыланды.

Абдолла ИДРЕСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау алды бағдарламаға енгізілген құрылыс нысандарына облыс бойынша 38 партиялық бақылау бекеттері де ашылып, оған әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, партия белсенділері, БПҰ өкілдері, партиялық бақылау комиссияларының 65 адам тағайындалды. Олардың негізгі мақсаты - осы сайлауалды бағдарламаға енгізілген құрылыс нысандарын тұрақты түрде, күнделікті бақылауға алу.

Жамбыл облыстық филиалы да жылды қортындылады. Конференцияда атқарылған жұмыстардың саны мен сапасы талқыланды. Қаңтар-желтоқсан айларында филиалға келіп түскен 4057 өтініштің 55%-ы оң шешімін тапқан. Ал жиын соңында ашық дауыс беру арқылы Дауыл Бейсенқұлов филиал төрағасы болып бір ауыздан сайланды.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бұрын әкімдер болып келетін болса, қазіргі таңда қоғамдық өз алдына бөлек азаматтардың келуі ол партияның жұмысына жаңаша дем береді. Филиалдың төрағасы ол сол сайлауалды бағдарламаны өзі қабылдап, өзі жүзеге асыратын. Ал қазіргі таңда біз оны қабылдағаннан кейін жүзеге асыратын атқарушы билік органдарынан жұмыстың нәтижесінде сұрай аламыз.

Маңғыстау облыстық филиалында да -жаңа төраға. Ол – бұған дейін атқарушы хатшы қызметін атқарған Нұрбек Қарасаев. Филиалдың жылдық жұмысына партия хатшысы жоғары баға берді.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүгін біз фракция басшысының, мәслихат депутаттарының есебін тыңдадық. Көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау, бюджеттен ақша бөлу секілді мәселелер көп жағдайда "AMANAT" депутаттарының көмегімен, олардың белсенді қатысуымен шешілді.

Филиалда "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. 1800 орындық 2 мемлекеттік, 7 жекеменшік мектеп салынып, пайдалануға берілді. 40 орындық психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды.

А. Серік