Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 2022 жылы қанша бала дүниеге келді? Ең танымал есімдер...

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2022
  • 2092

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 11 айында елімізде 369 мың 140 бала дүниеге келген. Елімізде алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы - 20-21. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.

Қайыр РЫСБАЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Өңірлер арасында жоғарғы туу көрсеткіші, яғни жалпы туу коэфиценті Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарында жоғары. Ең төмен Солтүстік өңірлер. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Павлодар облыстарында төмен.

Сарапшылар 2022 жылғы ең танымал есімдерді жариялады. Ерлі-зайыптылар жаңа туылған ұлдарына Әлихан, Айсұлтан, Алдияр, Омар, Әмір деп есім қойған. Ал қыздарға таңдалғандардың қатарында Медина, Айша, Айлин, Асылым және Томирис есімдері бар.

Р. Бақытжанқызы