Әділет министрі Конституциялық соттың судьясы болып тағайындалды. Су жаңа қызметке Қанат Мусинді Мемлекет басшысы ұсынды. Мәжілісте сот судьясы ретінде Қанат Мусиннің, Еркін Оңғарбаевтың және Сергей Ударцевтің кандитатурасы бір ауыздан қолдау тапты. Өз кезегінде депутат Арман Кожахметов ұсынылған азаматтардың заң және құқықтық салада көп жыл еңбек еткен білікті әрі тәжірибелі мамандар екенін айтты. Сондай-ақ бүгін парламенттің төменгі палатасы жыл қорытындысын шығарды. Ерлан Қошанов биыл Мәжілісте 154 заң жобасы қаралғанын айтты. Соның 93-і талқыланып, Сенатқа жолданған. Бұл құжаттардың 75-іне Президент қол қойған. Мәжіліс спикері, биыл депутаттардың өте белсенді жұмыс істегенін атап өтті.
Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
2022 жылы шын мәнінде сындарлы әрі тарихи жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кең көлемді әрі батыл саяси реформаларды қолға алды. Бұл оң өзгерістерді жалпы халықтық референдум да, азаматтарымыздың қызу қолдағанын барлығымыз куәміз. Міне осы жолы да парламент мәжілісінің депутаттары да, ерен еңбек еткендеріңізді атап өткім келеді.
Б. Сатуов