Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2022
  • 2160

Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін "Ақылды сынып" ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады. Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.

Р. Бақытжанқызы