Русский Сайттың толық нұсқасы

Генетикалық мутацияның салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны артты

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2023
  • 2977

Елімізде соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балалар саны 2 есеге артқан. Басты себеп, генетикалық мутацияның салдары. Кеселмен күресудің қандай жолы бар? Рабиға Бақытжанқызы анықтап көрді.

Ресми мәлімет бойынша елімізде соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны екі есеге өскен. 2021 жылы 13 мыңнан астам бүлдіршінге осындай диагноз қойылды. Ал, 2022 жылы 100 мыңға жуық балғын түрлі дертке шалдыққан. Бірінші орында туа бітті даму кемістігі, адан кейін хромосомалық ақаулар, жүйке жүйесі аурулары, психикалық даму ақаулары бар аурулар тұр.

Әйгерім ИБРАИМОВА, БАЛАЛАР НЕВРОЛОГЫ:

Синдром Дауна негізі барлығында десек болады. Ақыл-ес кемістігі болады. Ақыл-ой жүйесі 100 пайыз жақсы деген бала синдром даунада кездеспейді. Жүктілікке әйелдің дайынсыздығы. +35 жастан кейінгі жүктілік әйелдің денсаулығы сыр бергендіктен жүктіліктің ауыр өтуіне, ақаумен туылуына себеп болатын бірден-бір фактор. Үшіншіден алдында түсік болған жүктілігі болса, отбасында басқа да ауру баласы болса, туысқанымен үйленген болса осының барлығы туа біткен ақаудың себептері.

Генетикалық мутацияның салдарынан даун синдромы пайда болады. Ең бастысы аналар жүктіліктің 11-14 аптасы, екінші 21-23 аптасында скринингтік тексеруді өткізіп алмауы тиіс.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шаранадағы баланың желке тұсының өлшемі 1,6-1,7 мм ден жоғары болса және бірінші скринигтен қанның қауіп шегі 1:150-ден жоғары болса, онда дауна диагнозын қоюға болады. Тек генетиктер ғана әйелге жүктіліктің 22 аптасына дейін жүктілікті үзуге кеңес бере алады. Алайда, шешімді жүкті әйелдің өзі ғана қабылдайды.

Ақбөпе НҰРТАЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:

Генетикалық анализ жасалады. Еркекке де әйелге де. Бірақ оның бәрі ұрықты алуы керек. Ол эконың барысында жасалады. Ол әжептеуір қомақты ақша алады. Былайша алдын-ала анықтау деген жоқ. Тек бірінші скриниг бойынша. Сол себепті ендігі балада да дауна болуы мүмкін, мүмкін емес деп ешкім дөп басып айта алмайды. Және оның емі де жоқ.

Дауна синдиромымен дүниеге келген әрбір бала өмірінің соңына дейін реабилитациядан өтуі тиіс. Егер, ата-аналар 12 мүшесі сау ұрпақ сүйгісі келсе, әрбір жүктілік жоспарлануы керек дейді мамандар.

Р. Бақытжанқызы