Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2023
  • 1525

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Президентке ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Бұл шаралар елімізде кісі өлтіру қылмыстарының санын айтарлықтай азайтуға ықпал етті. Сондай-ақ ұрлыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу жұмыстары күшейтілді. Марат Ахметжанов ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалғаны мен алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтағаны туралы айтты. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленгені тілге тиек етілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың, ауылдық жерлердегі қылмыстың кез келген көрінісі бойынша алдын алу шараларын қабылдаудың және жедел әрекет етудің маңызды екенін атап өтті.

Қ. Мерей