Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2023
  • 1617

Еліміздің Жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты. Себебін экономикалық жағдай мен инфляцияға тікелей байланысты деп түсіндірді. Мәселен, былтыр инфляция 14 процент болса, кейбір университеттер сол көлемде оқу ақысын өсірген. Қазір орташа көрсеткіш жылына 300-400 мың теңге шамасында. Десе де кейбір жоғары оқу орындарында бір жылдың оқу ақысы - 500-600 мың теңге. Жалпы оқу құнын білім ордаларының өзі анықтауға құқылы. Бағаның өсуі сол аймаққа, олардағы шығындарға байланысты өзгеруі мүмкін деді вице-министр.

М. Қалиасқар