Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық пәтер иелері үйлердің басқарылуын реттейтін заң қабылдауды сұрайды

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2016
  • 2347

Үкімет көп пәтерлі үйлердің басқарылуын реттейтін заң жобасын қабылдау керек. Бүгін Астана тұрғындары осындай ұсыныс айтып, проблемаларын ортаға салды. Үйді басқару ісін құрылыс компаниялары емес, өздері жүргізуді қалайды. Өйткені үйді күтуге салғырт қараса керек. Олардың сөзінше, құрылыс компаниялары тұрғындарға ортақ шаршы метрлерді табыс көзіне айналдырған.

Құзырлы органдарға 30 үйдің тұрғыны қол қойылған ашықхат та жіберілген. Шағымданушылар арасында Хайвил, Гранд Астана, Нұрсая, Саранда секілді элиталы үйлерде тұратындар да бар. Олардың барлығы кондоминиум үйдің басқарылуына мүлдем араласа алмайтынына наразы. Сондықтан мәселені заңмен реттемесе болмайды, деп отыр.

Алмас Сырлыбаев, «Өзін-өзі басқарушы үйлер одағы» ҚБ төрағасы:

Біз застройщик пен оның еншілес компанияларына қанша рет айттық. Үйдің барлық басқарылуы мен жалпы үлескерлердің ортақ меншігін қайтарып берсін тұрғындарға. Бірақ застройщик және соған қарасты компаниялар бізге құлақ салмаған. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ