Русский Сайттың толық нұсқасы

Рио-2016: төртінші күн - Қазақстан қоржынында төрт медаль

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2016
  • 2799

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты. Осылайша, бір күміс, 3 қоламен жалпы есепте 30-шы орында тұрмыз.

Төртінші жарыс күні 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ауыр атлет Карина Горичева қола медальді жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 111 келіні еңсеріп, екінші орында тұрған еді. Кейін серпе көтеруде 132 келіні еңсерді. Бірақ 137 келі салмақты көтере алмады. Жалпы есепте 243 келімен Қытай мен Солтүстік Корея спортшыларынан ұпайын асыра алмады. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни бүгін 1 алтын, 1 күміс медаль аламыз деп сендірді.

Бүгін тұғырға ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нижат Рахимов пен күміс медальдың иегері Жазира Жаппарқұл шығады. Сондай-ақ, қос бокшымыз Біржан Жақыпов пен Василий Левит жартылай финалға өту үшін жұдырықтасады. Сонымен қатар, брасс әдісімен екі жүз метрге жүзу финалында Дмитрий Баландин ел намысын қорғайды.

Берік ХАСЕНОВ