Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған көптомдық Президентке таныстырылды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2023
  • 1100

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдары негізінде дайындалған көптомдық Президентке таныстырылды. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия архивтер мен жабық қорларда ауқымды зерттеу жүргізген. Құжат 31 томнан тұрады. Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру мен электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыра береді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

А. Задабек