Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк базалық ставканы 16,75% деңгейінде сақтап қалады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2023
  • 1641

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 процент деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Орталық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды.

Ғалымжан ПІРМАТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алдыңғы шешімде біз базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындап, жаңа проинфляциялық шоктар болмаса, ақша-кредит саясатын күшейту ықтималдығын төмен деп бағалағанымызды білесіздер. Жылдық және айлық инфляция да, экономикалық өсу динамикасы да базалық болжам траекториясы шегінде қалыптасып отыр. 2022 жылдың желтоқсан айындағы жылдық инфляцияның артуы алдыңғы шешімде ескерілген болатын. Осыған байланысты Ақша-кредит саясаты комитетінің соңғы отырысында базалық мөлшерлемені қайта қарау қажеттілігі болған жоқ

Ә. Дүкембаева