Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын қадағаламаған әкімдік өкілдері жауапқа тартылмақ

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2016
  • 2413

«Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын қадағаламаған әкімдік өкілдері жауапқа тартылмақ. Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай деді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға биыл Ұлттық қордан 769,6 млрд теңге бөлінген. Оның 97 пайызы игерілген.

Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, 5 облыс қалған қаржыны уақытында жұмсай алмай отыр. Олар - Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Әкімдер қаржыны 1 қыркүйекке дейін игеруге уәде етті. Ал Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаны мерзімінде орындамағандар жауапқа тартылатынын ескертті.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Бөлінген қаражаттың толық және тиісті мерзімінде игерілуіне әкімдердің назарын аударамын. Бұл әкімдер мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тікелей жауапкершілігі. Бүгін атқарылған жұмыстың жеткілікті көлемде орындалмай жатқанын көрдік. Сондықтан, біріншіден, Ұлттық экономика министрлігіне аймақтадың қаржыны игеруіне сараптама жасап, саланы бақылайтын әкім орынбасарларының жауапкершілігіне қатысты ұсыныс енгізуді тапсырамын.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ