Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2023
  • 1920

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. 4 адам Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілінді. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматыдағы «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған еді. Көп ұзамай салық органдарының өкілдері базарды тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚР ҚК 190-бабы бойынша 1986, 1684 және екі 1982 жылы туған 4 азаматқа Қарасай ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері іздестіру жариялағанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған азаматтарды ұстау және Қарасай ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

М. Жақан