Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2023
  • 1786

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жаңа «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Жаңа телеарна ашудағы мақсат - Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыру, насихаттау. Телеарна 24 сағат бойы көрермендерге хабар таратады.

Саида ҮКІБАЕВА, «АССАМБЛЕЯ ТВ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

Өткен жылғы қазан айынан бастап, «Ассамблея телеарнасы» ресми түрде өз жұмысын бастаған болатын. Осы уақытқа дейін бірталай танымдық-мәдени ағартушылық бағдарламаларды контенттерді қазақстандық көрермендердің назарына ұсынып келеді. Қазіргі мәселе біздің осы бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізу бірінші орында тұр. Соған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ә. Дүкембаева