Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысындағы «Теңіз» вахталық кентінде жұмысшы әріптесін пышақтап тастаған

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2023
  • 1498

Атырау облысындағы «Теңіз» вахталық кентінде жұмысшы әріптесін пышақтап тастаған. Оқиға түнгі мезгілде болған. Полиция департаментінің дерегінше, жұмыстан кейін екеуі ішімдік ішкен. Соңы жанжалға ұласып, техникалық қауіпсіздік қызметкері 41 жастағы әріптесін өлтірген. Күдікті ретінде 50 жастағы механик қамауға алынды. Қылмыстың «Теңіз» кентінде орын алғанын «Теңізшевроил» компаниясының баспасөз қызметі растады. Айтуларынша, екі қызметкер де «Бонатти» компаниясының жұмысшылары.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жылыой ауданы Теңіз қалашығында болған адам өліміне қатысты қазіргі таңда күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚК 99-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық экспертиза тағайындалды.

Б. Нәдірқызы